Қостанай облысында 7 мың литр жанар-жағар май тәркіленді

Қостанай облысында шілді айының басынан бері 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді. 

Көлік жүргізушілері мұнай өнімдерін Ресейге заңсыз алып өтпек болған. Тек соңғы бірнеше күнде шекарада осындай тоғыз әрекетке тосқауыл қойылды. Құқықбұзушылар бензин мен дизель отынын канистрмен тасымалдаған.   

Дильназ Әмірбекова, Қостанай облысы бойынша МКД баспасөз хатшысы:

- Іс шаралар басталғаннан бері жанар-жағар май әкетудің 282 әрекетінің жолы кесілді. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері мұнай өнімдеріне арналған ілеспе жүк құжатының болмауын байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283 баптың 1 тармағы 5 тармақшасы бойынша әкімшілік материал рәсімдеп, оны сотқа жіберді.