Жеке сот орындаушысы өндірілген ақшаны жеке шотына аударған
Тараз қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушыларының қызметіне тексеру жүргізіп, мемлекет пен банк ұйымдарына берілуі тиіс қаражатты жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Тексеру барысында жеке сот орындаушысы 3 борышқерден өндірілген ақшаны мемлекет пен банктердің пайдасына аударудың орнына, жеке шотына аударып, өз қажеттіліктеріне жұмсап жібергені белгілі болды. Бұл ретте аталған борышкерлерге қатысты атқарушылық өндірістер аяқталмаған, ал берешек өтелмеген күйінде қалған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 251-бабы 2-бөлігіғ яғни жеке сот орындаушысының өкілеттіктерді бірнеше рет теріс пайдалануы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тараз қаласының №2 сотының үкімімен сот орындаушысы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл мерзімге жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу және атқарушылық өндіріске байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Дегенмен, амнистія актісінің негізінде сотталған тұлға негізгі жазаны өтеуден босатылды. Үкім заңды күшіне енді.
Сонымен қатар, прокуратура тағы бір жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 23 борышқерден өндірілген 8,2 миллион теңгені өндіріп алушыларға аудармаған деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.