Respublica партиясының автобусы елорда көшелерін аралады
Respublica партиясының екі қабатты автобусы бірнеше сағат бойы Астананың басты көшелері мен көрікті орындарын аралады.
Rebus әуен мен еркін әңгімені, көтеріңкі көңіл күй мен ашық диалогты тоғыстырып, қала тұрғындарына ерекше атмосфера сыйлады. Respublica партиясының өкілі Тоқтар Болысов: «Саясат жалықтыратын дүние болмауы тиіс. Жастармен тіл табысу үшін олар жүрген ортаға бару қажет», - дейді.
Тоқтар Болысов, Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Көбі үгіт-насихат десе халықпен кездесу өткізіп, үлкендердің бір-бірімен сөйлесетінін елестетеді. Халық соған үйренген. Жастарымыз соны өзгеше көрсеткісі келді. Сол себепті бүгін Астана қаласын аралап, осындай қызықты форматта үгіт-насихат жүргізіп көрдік. Расында да, халыққа ұнады.