Еуроодақ ЖИ-ді бақылауды күшейтті
Еуропалық Одақ жасанды интеллектіге қатысты жаңа ереже енгізді.
Енді чат-боттарда пайдаланушының белсенділігі міндетті түрде көрсетіледі. Сондай-ақ компаниялар нейрожелілердің көмегімен жасалған немесе өңделген сурет, бейнематериал, аудиожазба және мәтіндерді арнайы таңбамен белгілеуі тиіс. Талапты бұзғандарға 15 миллион еуроға дейін немесе дүниежүзілік жылдық айналымының 3 пайызы мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.