БҚО-да 17 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Батыс Қазақстан облысында 6200 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сырым ауданында ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін прокурорлар анықтады. Жер телімдерінің кадастрлық құны 75 миллион теңгеден асады.

Жалпы жыл басынан бері өңірде аумағы 17 мың гектардан асатын 99 жер учаскесі мемлекет меншігіне алынған. Оның ішінде коммерциялық және ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер бар.

Әсел Батырқызы, БҚО прокурорының көмекшісі:

- Прокуратураның қадағалау актілері негізінде аталған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылып, жергілікті атқарушы органдардың жауапты лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің жалпы кадастрлық құны 1,2 млрд теңгені құрады.