Қазақстанда интернетті трэш-стримерлерден тазарту жұмыстары жалғасуда

кадр бейнежазбадан

Әлеуметтік желіде заңға қайшы контент таратып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Қазақстан бойынша 20-дан астам стример әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап «24KZ». хабарлайды.

Тікелей эфир барысында олар дөрекі сөйлеп, навәси әрекеттер жасап, адамдарды балағаттаған және қоғамдық тәртіпті бұзған.

Мысалы, Шымкент тұрғыны TikTok желісінде әдепсіз сөздер қолданғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Павлодардағы стример эфир кезінде көлік тізгінінде отырып, мат айтып, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал Талдықорған мен Түркістан қалаларының тұрғындарына сот әкімшілік айыппұл салды.

ІІМ өкілдері интернеттегі заңсыз контентті анықтау жұмыстары жалғасатынын және құқық бұзушылардың интернетте де, шынайы өмірде де қатаң жауапқа тартылатынын мәлімдеді.