«Nomad» әскери даярлық курсы басталды

Қонаев гарнизонында Арнайы операциялар күштерінің "Nomad" әскери даярлық курсы басталды. Салтанатты ашылу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров қатысты. Ол оқу сыныптарынан бастап оқу-материалдық базасына дейін аралап көрді.

"Nomad" курсы - арнайы мақсаттағы бөлімдерде әскери қызмет өткерудің міндетті шарты саналады. Курс кез келген жағдайда жеке және топ құрамында жауынгерлік міндеттерді тиімді орындай алатын әмбебап мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама «Сынақ» және «Жетілу» атты екі кезеңнен тұрады. Әскерилер іріктеуден өтіп, су және атыс даярлығы бойынша машықтарын жетілдіреді. Тәжірибелік сабақтар жауынгерлік жағдайға барынша ұқсас ортада өтеді. Курстық даярлық 8,5 айға есептелген.