Этнос өкілдері Абай өлеңдерін оқудан сынға түсті
Петропавлда этнос өкілдері арасында Абай Құнанбайұлының шығармаларын мәнерлеп оқудан байқау өтті.
«Абай - дана, Абай - дара» атты мәдени шараға облыстың әр өңірінен 33 қатысушы жиналып, ақын өлеңдерін жатқа айту мен көркем оқу шеберлігінен сынға түсті. Байқаудың басты мақсаты Абай мұрасын дәріптеу, ұлы ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау және түрлі этнос өкілдерінің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру. Сайыс қорытындысында үздік өнер көрсеткен қатысушылар анықталып, диплом және арнайы жүлдемен марапатталды.
Александр Шелест, байқауға қатысушы:
- Мен Абай Құнанбайұлының 30 өлеңін жатқа білемін. Бүгін "Қыс" өлеңін жатқа айтамын. Себебі осы өлеңі маған өте ұнайды. Барлық жастар өлеңін, әндерін білуі керек.