Әнші Садраддин көпбалалы ананың арманын орындады

Видеодан алынған кадр

Әнші Садраддин бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған анаға жаңа пәтердің кілтін табастады, деп хабарлайды «24KZ». 

Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында жариялаған видеосында көрсетті. Әншінің айтуынша, қайырымдылық жасауға оның бала күнгі арманы себеп болған.

«Бала кезімде анам екеуміз пәтерден пәтерге көшіп жүрдік. Сол кезде өз баспанамыз болса екен деп армандайтынмын. Қазір Құдай мүмкіндік беріп тұрған кезде бір отбасының арманын орындауды жөн көрдік», – деді Садраддин.

Пәтер бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әйелге берілді. Оның денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз деп танылғаны айтылды.

Әнші отбасы мүшелеріне пәтер сыйлайтынын алдын ала айтпаған. Ол көпбалалы ананы мектепке қажетті киім алып береміз деген сылтаумен шақырған.

Ана мен оның балалары жаңа баспананың кілтін алғанын күтпеген. Сыйлықты көрген отбасы мүшелері қуаныштан көздеріне жас алып, әншіге алғысын білдірді.

Садраддин бұл игілікті іс арқылы өз арманының да орындалғанын атап өтті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз