Астана іргесіндегі орталық жағажайда екі қыз суға батып кетті

Фото: depositphotos.com

Астана маңындағы Қояндыда екі қыз суға батып кетті, деп хабарлайды «24KZ». 
 
Ақмола облыстық полиция департаменті 10 тамызда Қоянды ауылында орналасқан су қоймасының орталық жағажайында екі кәмелетке толмаған қыздың суға батып кеткенін мәлімдеді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз