Ата заңның өзегі «Әділетті Қазақстан» идеясы

Ата заңның өзегі «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты. 

Заң бәріне ортақ, ал адам құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталады. Сарапшылардың айтуынша, басты құжаттың ерекшелігі онда адам құқықтары мен бостандығын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге басымдық берілген. Сондай-ақ Жаңа Конституция мемлекеттің даму стратегиясын бір жүйеге біріктіреді. Қазақстанның басты байлығы адам капиталы, білімі, қабілеті, шығармашылығы және ғылыми әлеуеті деп нақты жазылған.

Марғұлан Ермағанбетұлы, саясаттанушы:

- Жалпы Конституцияың барлық баптары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайды ғой. Негізгісі деп 15, 16-ны айтуға болады. Өйткені ол жерде айтып кеткен адамға құқықтары мен бостандықтары тумасынан беріледі дейді және оны айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Тіпті 16-бапта өлім жазасы алып тасталып тұр. Бұл не деген сөз, гуманизм принциптеріне сүйене азаматтың сот шешімімен ғана сотталады, бірақ оның өмірінен айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл нормада басты нәрсені айтып кету керек, бұл құқық пенен тағы міндет дегенді. Міндетті де жасап қойған.   

Алдағы міндет азаматтарға өз конституциялық құқықтары жайында жан-жақты ақпаратты жеткізу. Басты құжат қабылданғалы ел бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Марғұлан Ермағанбетұлы, саясаттанушы:

- Қазіргі таңда біз жалпы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы баптарды жан-жақты түсініктеме жүргізіп жатырмыз.