Электросамокаттарға жаңа талап
Елде самокаттан келер қауіп азаймай тұр. Осы көлік құралының қатысуымен соңғы алты айдың өзінде 114 жол апаты болып, 2 адам қаза тапқан. Сондықтан елде самокаттарға қатысты тағы бір талап енгізілмек.
Жанар Меңдігерей, тілші:
- 25 тамыздан бастап электросамокаттар қатысты тәртіп тағы күшейе түспек. Жаяу жүргіншілер жолында самокат, скутер тебуге болмайды. Осы көлік құралымен арнайы вело жолақтарда немесе заңда көрсетілен жол бөліктерінде ғана жүруге рұқсат. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара.
Желдей жүйткіген самокаттар жаяу жүргіншілердің де зәресін алады. Сондықтан бұл тәртіпке халықтың басым бөлігі келіседі.
БЛИЦ:
- Жалпы сол самокатқа жолын реттеп, мемлекеттік номер беріп соны жалпы ұстайтын куәлік беріп жолдың ережесін білетін болдырып, сөйтіп реттегені дұрыс.
- Мынау жаяу жүруші адамдардың жолы тар, біріншіден, екіншіден, оған самокат велосипед жүргендерге өте аз болады. Егер самокат, велосипед бірге өзіне жол салып берсе, ол дұрыс болады.
- Самокатшылар қатты жүреді жая жүргіншілерді көрмей қағып кету қауіпі өте көп 1 себеп, 2-ші себеп самокатшырарға өте тиімсіз веложолақтар өте аз Астанада және де автобусный полосамен жүру өте қауіпті деп ойлаймын.
Қауіп бары рас. Оған самокаттың қатысуымен болған жол көлік оқиғасының саны да дәлел.
Ақтоты Боранова , ҚР Ішкі Істер министрлігінің ресми өкілі:
- Электрасамокаттардың қатысуымен ағымдағы жылдың 6 айында 114 жол көлік оқиғасы орын алған нәтижесінде 2 адам қаза болып 120 адам әртүрлі дене жарақатын алған.
«Дегенмен қатаң талапқа қала инфрақұрылымы да сай болуы керек», - дейді урбанистер.
Нұрқожа Ерсайын, урбанист:
- Бұл мәселенің нақты шешімі қазір әлемде жоқ. Бұл – өте күрделі мәселе. Әлемнің ешбір елінде оны шешудің бірізді әрі тиімді жолы әлі табылған жоқ. Сондықтан әр қаланың, әр елдің әкімшілігі өздігінше шешім қабылдап, түрлі тәсілдерді қолданып көріп жатыр. Ең дұрыс шешім – электросамокаттарды веложолмен жүргізу. Ол үшін веложолдар дұрыс жоспарланып, талапқа сай салынуы керек. Мысалы, Астана қаласында көптеген жерде веложолдар жақсы жасалған. Тіпті оны үлгі ретінде де айтуға болады. Алматы қаласында да веложолдар бар. Шетелден келген азаматтар да бұл инфрақұрылымды жоғары бағалап жатады.
Әйтпегенде автокөлікке балама болған самокаттардың болашағы бұлыңғырлануы мүмкін. Халық бұл құралдан бас тартса, қоғамдық көлік пен жолға түсетін жүктеме еселеп артатыны анық. Себебі қазір бір Алматының өзінде кикшеринг қызметін шамамен 100 мың адам пайдаланады. Мұндай компания басшылары самокаттарға қатысты саликалы шешім шығарарда бізбен санасса деген пікірлерін жеткізді.
Алимхан Сансызбай, Қазақстандағы Кикшеринг қызметінің басшысы:
- Астана қаласындағы инфрақұрылымның дайындығы әзірге микромобильді көлікке деген сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отыр. Екіншіден, әрине, мемлекеттік органдармен сындарлы диалог орнатып, қандай да бір заң жобасы немесе ереже қабылданған кезде бірлесіп жұмыс істегіміз келеді.
Ал жаңа талапқа бағынбағандар жазаға тартылатыны анық. Тротуармен ызғытқан самокат жүргізушісі 2 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды.
Авторлары: Жанар Меңдігерей, Мұрат Әріпханов