Өзбекстандағы ақау Қазақстанға байланысты емес: Министрлік жалған ақпаратты жоққа шығарды

Елімізде электрмен жабдықтау жағдайы тұрақтала бастады. «KEGOC» АҚ желілері бойынша электр қуаты толық көлемде қалпына келтірілді, деп хабарлайды 24KZ. 

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта өңірлік энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жекелеген тұтынушыларды желіге кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақын уақытта электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтіріледі деп күтілуде.

 

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен жекелеген пабликтерде Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістер Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат салдарынан орын алды деген ақпарат тараған болатын.

Өкілетті ведомство бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Елдің бірыңғай энергетикалық жүйесі штаттық режимге жақын жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, орын алған жағдай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жеке бақылауында. Мамандар барлық өңірлердегі энергообъектілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауда. Қосымша ақпарат таратпау және тек ресми көздерге ғана сену сұралады.