Сарапшы: Құрылтай сайлауы Қазақстанның дамуына серпін береді

Құрылтай сайлауы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына қосымша серпін береді.

Грузиялық саясаттанушы Ника Читадзе осылай дейді. Оның айтуынша, бұл маңызды саяси науқан Қазақстан мемлекетті-лігінің нығайып келе жатқанының тағы бір айқын көрінісі. Мемлекеттіліктің нығаюы Қазақстан халықаралық аренадағы орнын да күшейтеді. Бұл елдің әлемдік саясаттағы ғана емес, жаһандық экономикадағы мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді деді ол.

Ника Читадзе, грузиялық саясаттанушы:

- Жүргізілген реформалардың маңызды бағыттарының бірі пропорционалды сайлау жүйесіне көшу болды. Енді азаматтар өздері қолдайтын саяси партияларға дауыс береді. Бұл көп партиялы жүйені одан әрі дамытуға, саяси плюрализмді нығайтуға және қоғамдағы әртүрлі көзқарастарды кеңінен қамтуға мүмкіндік береді. Тиісті межеден өтіп, Құрылтай құрамына енген партиялардың ұстанымдары заң шығару жұмысы барысында ескеріледі. Осылайша азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық мүдделерін өкілді орган деңгейінде білдіруге жол ашылады. Құрылтай заң шығару қызметін атқаратын орган ғана емес, сонымен бірге халықтың мүддесін білдіретін жоғары өкілді орган болады.