Қазақстанда 1 трлн теңгеден астам заңсыз актив мемлекетке қайтарылды
Қазақстанда 2023 жылдың қыркүйегінен бері жалпы құны 1,154 трлн теңге болатын заңсыз алынған активтер мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде құны 75,7 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын мүлік те бар, деп хабарлайды 24KZ.
ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, Активтерді қайтару комитеті мен Активтерді қайтару қызметі жалпы сомасы 1,154 трлн теңге болатын заңсыз активтерді мемлекетке қайтарды. Оның ішінде:
- ақша қаражаты – 1,044 трлн теңге;
- жылжымайтын мүлік – 75,7 млрд теңге;
- компаниялардағы үлестер – 12,1 млрд теңге;
- жер учаскелері – 19,2 млрд теңге;
- басқа да активтер – 2,9 млрд теңге.
Жылдар бойынша мемлекетке қайтарылған активтердің көлемі:
- 2024 жыл – 302,5 млрд теңге;
- 2025 жыл – 773,7 млрд теңге;
- 2026 жыл – 77,7 млрд теңге.