Павлодар облысында орман өртінен келген шығын ₸5,9 млн жетті

Павлодар облысында орман өрттерінен келген шығын көлемі артып отыр. Өрт қаупі кезеңі басталғалы мемлекеттік орман қорында 115 жағдай тіркелген.

Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға көп. Келтірілген шығын 6 миллион теңгеге жуықтаған.Өртке қарсы күрес қызметінің мәліметінше, оқиғалардың басым бөлігіне найзағай себеп болған. Биыл 92 жағдай осы табиғи құбылыстың салдарынан тіркелген. Бұдан бөлек, отты абайсыз пайдалану да материалдық шығынға әкеліп отыр.Өрт қауіпсіздігін бақылау мақсатында мамандар 1,5 мыңнан астам тексеру жүргізген. Нәтижесінде талаптарды бұзған 250-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асты.

Қайрат Шаймарденов, Облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Өрттердің көбі - найзағайдан шыққан. Осындай 92 жағдай тіркелген. Кейбір өрттер адамдардың отты абайсыз пайдалануынан болған.Мамандар өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша 1,5 мыңнан астам тексеру жүргізді. Ережені бұзған 250-ден астам адамға айыппұл салынды. Жалпы айыппұл көлемі 1,5 миллион теңгеден асты.