Қазақстанда 3 мың ауыл интернетпен қамтылады

2027 жылдың аяғына дейін 3 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады. Бүгінде 12 ауылға талшықты-оптикалық желі тартылып, тағы 340 елді мекен спутниктік интернетке қосылды.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде былтыр спутниктік байланыс арқылы 362 ауыл интернетке қосылды. Сонымен қатар 20 қалада 5G базалық станса орнатылды. Ал 3,8 мыңнан аса ауыл кезең-кезеңімен 4G желісіне көшіріледі.  Бұдан бөлек, Әзербайжан-Қазақстан бағыты бойынша Каспий теңізінің түбімен суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстары басталды. Ал «Батыс-Шығыс» гипермагистралінің құрылысы 58 пайызға аяқталды.

Әуесхан Оспанов, ҚР ҰЭМ Стратегиялық талдау және даму департаментінің директоры:

- 2027 жылдың соңына дейін 1,2 млн адамды және 5,8 мың мемлекеттік нысанды қамти отырып, 3 мыңнан астам ауылды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар Дүниежүзілік банктің қолдауымен 83,9 млрд теңге көлемінде 1123 ауылдағы 2,3 млн адамды интернетпен қамту үшін соңғы тұтынушы субсидиялау жобасы жүзеге асырылуда.