Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтер табысталды

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтер табысталды.

Сол жағалаудан бой көтерген екі көп қабатты тұрғын үй әлеуметтік осал топтағы отбасыларға берілді. Өңірде баспана құрылысы жүйелі жалғасып келеді. Кейінгі төрт жылда 8 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлаған.  

Сол жағалаудан бой көтерген екі көп қабатты тұрғын үй әлеуметтік осал топтағы отбасыларға берілді.

Өңірде баспана құрылысы жүйелі жалғасып келеді. Кейінгі төрт жылда 8 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлаған. 

Мұрат Ергешбаев, облыс әкімі:

- Мемлекет басшысының, үкіметтің қолдауымен, берекелі бірлігіміздің арқасында өңірде тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қарқынды жобалар жүзеге асуда.  Соңғы төрт жылда облысымызда тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді. Осылайша 30 мыңнан аса жерлесіміз баспаналы болу бақытына ие болды.

Қызылорда қаласының сол жағалауы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қатары артып отыр.Тұрғындарға кілті табысталған 90 пәтерлі екі тұрғын үйдің жалпы аумағы 7 мың шаршы метрден асады.

Мәншүк Ермаханова, қала тұрғыны:

- Баспанамызды жаңа үйден, жақсы жерден, барлығы жетілген жерден беріп жатыр. Пәтердің кілтін аласыз деген кезде көзіміздің жасын қуанғаннан бір сығып алып, тіпті сөйлей де алмай қалып жатырмыз. 

Мәдина Байкенова, қала тұрғыны:

- Сол жағалау жақсы дамып келе жатыр. Мынау ойын алаңдары бар екен балаларға, мүмкіншілік біраз бар. Үш бөлмелі, кең. Рақмет.

Аймақта баспана кезегін азайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 2026-2027 жылдары 6200 отбасыға пәтер табыстау жоспарланған. Бұл үйлерге шамамен 25 мыңдай тұрғын қоныстанады,-дейді мамандар.

Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин