«Хабар аға» атанған Тілеуқабыл Мыңжасар өмірден өтті

Қазақ журналистикасы орны толмас қайғыға душар болды. Ел-жұрт «Хабар аға» атап кеткен телевизия ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар 75-ке қараған шағында өмірден озды.

Журналистиканың тарланы, тікелей репортаждың шебері Тілеуқабыл Мыңжасар бар ғұмырын телевизия саласына арнады. 10 мыңнан астам сюжет дайындап, көрерменнің көзайымына айналды. Ол «Хабар» агенттігінде құрылған күннен бастап жұмыс істеді. 1998 жылдан бастап телеарнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды. Кейінгі жылдары шәкірт тәрбиелеп, талай жастың біліктілігін шыңдады. Оның кәсіби шеберлігі өз алдына, адамгершілігі мен қарапайым болмысы өзгелерден даралап тұратын. Ол «Хабар» агенттігінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бақұл бол, Хабар аға! Сіздің бейнеңіз ел есінде мәңгі сақталады.

Сондай-ақ оқыңыз: