Ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық пайдасы бар жобалар қаржыландырылады
Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ұзақмерзімді пайдасы бар жобалар қаржыландырылады. Соның ішінде Ұлттық қордан қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Құрылтайдың бірінші сессиясында Мемлекет басшысы «қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды» деп атап өтті. Оның айтауынша, Ұлттық қордың тиімділігі, ең алдымен, келер ұрпақтың игілігі жолындағы нақты нәтижеге қол жеткізумен өлшенеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Ұлттық қордың пайдасын балаларымыз көріп отыр. Олардың есепшотына қомақты қаражат аударылып жатыр. Келешекте өскелең ұрпаққа қызмет ететін заманауи, сапалы инфрақұрылымды дамытуымыз керек. Басқаша айтқанда, еліміздің алдағы ондаған жылдар, тіпті ғасырлар бойы дамуына берік негіз қаланады. Мемлекетіміздің іргесі де осы игі істердің арқасында беки түседі. Бұл мәселеге Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда кеңірек тоқталамын.