Халықаралық бағытта тек әйелдерге арналған вагон іске қосылады

1 қазаннан бастап тек әйелдерге арналған жаңа вагон іске қосылады.

Бұл "Алматы-Ташкент" бағытындағы халықаралық пойыз. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар тасымалы үшін маңызды бағытта қызмет көрсету қолайлылығын арттыру маңызды қадам, - дейді мамандар. Аталған бағытқа сұраныс та артып келеді. Қазір әйелдерге арналған вагондар ішкі бағыттарда  қатынап жүр. Қызмет іске қосылғалы оны 950-ге жуық жолаушы пайдаланған. Айта кетейік, бұл вагондармен 7 жасқа дейінгі ер балаларды алып жүруге болады. Жолсеріктер де әйел қызметкерлер.

Марал Кирмандаева, "Жолаушылар тасымалы" АҚ клиенттермен жұмыс жөніндегі сату департаментінің бас менеджері:

- «Алматы-Ташкент» халықаралық пойызына әйелдер вагонын қосамыз деп өте үлкен жұмыс өткізілді. Негізгі мақсаты жолаушыларды әсіресе балалы әйел жолаушылардың жағдайын жасап сапарлары жайлы болуы үшін жасалған. Тағы басқа бағыттарда Қазақстанның ішінде жүретін пойыздарға да қосылады. Оған тағы өзіміздің сайтымызда опрос бәрін өткіземіз. Басқа маршруттарға сұраныс болса қосылады.

Сондай-ақ оқыңыз: