Елде қылмыс деңгейі 10% төмендеді

Елде қылмыстың жалпы деңгейі 10%-ға төмендеді. Цифрлық бақылау мен бейнемониторинг жүйелерін пайдаланудың нәтижесінде қылмыстардың ашылу көлемі артты.

Мәселен, биыл жарты жылдың ішінде қоғамдық орындағы құқықбұзушылықтар 19 пайызға азайды. Аталған нәтижеге Президент Жолдауыдағы «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру арқылы қол жеткізіліп отыр.

Бағланбек Айтпаев, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

- Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидатын мемлекеттік саяфсаттың негізгі бағдары ретінде айқындады. Заң баршаға ортақ. Әрбір адам күнделікті өмірде өзін қауіпсіз сезінуі керек. Сондықтан бүгінгі міндет тек қылмысты ашу ғана емес, ең алдымен оның алдын алу.

Сондай-ақ оқыңыз: