Ақтөбе облысында бұқаралық спортқа ден қойылды

Ақтөбе облысының шалғайындағы Шалқар мен Темір аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру залдары

ашылып, бұқараның спортпен шұғылдануына жағдай жасалды. Жалпы өңірде ауыл спортын дамытуға ден қойылды. Соңғы 4 жылда 31 спорт кешені ел игілігіне тапсырылды. Жыл соңына дейін тағы екі нысанның құрылысы аяқталады. 

Мансұр Есқожин, тілші:

- Әлия ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2025 жылдың мамыр айында басталған. Қазір нысан тоқсан пайызға дайын тек қажетті спорттық құрал жабдықтарды орнатып, жазғы футбол және воллейбол алаңдарын төсеу қалды.

Ауданы 1600 шаршы метр болатын ғимараттың құрылысына бюджеттен 975 млн теңге бөлінді. Мұнда футбол, волейбол, баскетбол сияқты командалық спорт және қазақ күресі, дзюдо, еркін күрес сынды жекпе-жек түрлерімен де шұғылдануға болады. Кешен пайдалануға берілгеннен кейін 75 жұмыс орыны ашылады. Олардың дені балалар жаттықтырушылары.

Жарасқан Темірбаев, Қобда аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы:

- Әлия ауылында спортзал тек мектеп төңірегінде. Қазіргі таңда халық саны мұнда жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Жастарымыз да қазір ауылда көбейіп, спортқа құштарлықтары көбейіп жатыр.

Соңғы төрт жылда облыс аумағында бюджет есебінен 31 спорт кешені салынды. Олардың 23-і шалғай елді мекендерде ашылды. Футболды тақыр жерде, волейбол торын қос сырыққа керіп ойнаған ауыл балалары жасанды алаң мен арнайы залдарда жаттығатын болды. 

Мейіржан Ахамбай, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

- Ағымдағы жылдың басынан Шілікті, Бозой Шалқар ауданындағы салынды, Бозой елді мекенінде салынған кешенде бір мезетте жүз елу адам шыныға алса, Шілікті елді мекенінде екі жүз адам дене шынықтырумен айналыса алады. Сонымен қатар қазір біз Шұбарқұдық кентіндегі жабық нысандағы бассейн құрылысы толық аяқталды. Бұл аудан тарихындағы алғашқы бассейн.

Қазір өңірде тағы үш дене шынықтыру, сауықтыру кешені салынып  жатыр. Оның екеуінің құрылысы биыл аяқталады. Жалпы облыс аумағында 770 мамандандырылған спорт нысаны бар. Ал өңір тұрғындарының 45 пайыздан астамы бұқаралық спортпен тұрақты шұғылданады.

Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Сондай-ақ оқыңыз: