Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептерде қауіпсіздік күшейтілді

Фото: depositphotos.com

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан мектептеріндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Полиция білім беру нысандарын тексеріп қана қоймай, оқушылардың мектепке дейінгі қауіпсіз жолын да назарға алды, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

2026 жыл Ішкі істер министрлігі жүйесінде Балалар қауіпсіздігі жылы болып жарияланған. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру жұмыстары күшейтілді.

Қазір еліміздегі 7656 мектепте 283 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 7159-ы полицияның жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдеріне қосылған.

Мектеп маңындағы жолдардың қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінді. Оқу жылы басталар алдында полиция білім беру нысандарының айналасындағы жол инфрақұрылымына 9 мыңнан астам тексеру жүргізді. Нәтижесінде 4 мыңнан астам кемшілікті жою туралы нұсқама берілді.

Сонымен қатар мектептер маңында 258 жаяу жүргіншілер өткелі, 1429 жасанды жол кедергісі және 4854 жол белгісі орнатылды. 10 шақырымнан астам қоршау мен 1897 жарықтандыру нысаны жабдықталды.

Ішкі істер министрлігі баланың қауіпсіздігі полицияның ғана емес, ата-ана, мұғалім және қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Басты мақсат – оқушының мектепке қауіпсіз барып, үйіне аман-есен оралуына жағдай жасау.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: