APORT MALL EAST-те көлік ұтысының жеңімпазы анықталды
Елдегі ең ірі Апорт Молл Ист молында ірі ұтыс ойынының жеңімпазы анықталды.
Бас жүлде су жаңа Kia Солута автокөлігін 16 жасар мектеп оқушысы иеленді. Ауқымды науқанға 10 мыңнан аса адам қатысты. Ұйымдастырушылар осындай ұтыс ойындарын дәстүрлі түрде өткізіп келеді.
Aport Mall East ұйымдастырған ұтыс ойыны 10 наурыз бен 30 тамыз аралығында өтті. Науқанға қатысу үшін молл аумағында орналасқан 200-ден астам сауда орындарынан белгіленген сомада сауда жасап, түбіртекті арнайы купонға ауыстыру қажет еді.
Сабыр Жансағымов, APORT MALL басқарушы директорының орынбасары:
- Бізде шектеу жоқ. Әрбір қонақ жүз немесе екі жүз купонға ауыстыра алады. Осы әрбір купон көбейген сайын мүмкіндіктер арта береді. Жеңімпаздар саны жиырмаға жуық жеңімпаз болды. Ең басты жүлдеміз автокөлік болғанымен одан басқа жеңіске жететін жиырмадан астам адамға сыйлықтар бар.
Ұтыс жеңімпаздарын анықтайтын шара отбасылық мерекеге айналды. Мұнда келушілерге арнап концерттік бағдарлама ұсынылды. Алайда темір тұлпар кімге бұйырады деген сауал мыңдаған адамды толғандырды. Бәрі бас жүлдеден дәмелі еді. Дегенмен, көлік 16 жасар алматылық оқушы Айша Рысқұлға бұйырды. Ол ұтыс ойынына бір ғана купонмен қатысыпты.
Айша Рысқұл, жеңімпаз:
- Ұтып аламыз деп ойлаған жоқпын, бір-ақ билетпен. Жаңа қайтайын деп тұрғанбыз. Сосын атымды естіп, өте қатты қобалжып кеттім. Ата-анама беремін. Қасымда анам бар, бірге жүрген сол кісіге сыйлаймын.
Қымбат көлік, баспана мен бағалы сыйлық ұтыс ойындарын Aport East және Aport West тұрақты түрде өткізіп келеді. Компания өкілдері осындай науқан арқылы келушілердің көңіл-күйін көтеруді көздейді. Сондай-ақ осы дәстүр дүкендердің сауда айналымына да оң әсер етіпті.
Ернұр Рысбай, Әбен Нарымбаев