Астана әкімдігі қозғалыс шектеулері туралы ескертті
Астанада Н. Тлендиев даңғылының Көктал көшесінен Мәскеу көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 1–10 қыркүйек аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта да ұйымдастырылады.
Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштері орнатылады. Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс схемасындағы өзгерістерді ескеруді сұрайды.