ШҚО-да ауаны ластаған кәсіпорындарға айыппұл салынды
Шығыс Қазақстанда экологтар жол құрылысына жауапты мекемелерге 36 млн теңге айыппұл салды.
Жолдарды жөндеу кезінде асфальт-бетон зауыты мен ұсақтау-сұрыптау кешендерінен шаң-тозаң көтеріліп, ауаны ластаған. Құрылыс компанияларында арнайы тазарту қондырғылары болмаған. Кей жерлерде зиянды шығарынды шекті мөлшерден 40 есе асып кеткен. Өскемен қаласы мен Самар және Қатон-Қарағай аудандарында жүргізілген тексеріс нәтижесінде бірнеше кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылды. Табиғатты қорғау прокуратурасы мен экология департаменті оларға зиян салдарын үш айда жоюды міндеттеді.
Фархат Кінасылов, Экология департаменті зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің басшысы:
- Тексеріс барысында асфальт-бетон зауыттарының бірінде ауаға тарайтын шаң-тозаң мөлшерінің шекті деңгейден 41 есе, ал екіншісінде 1,7 есе жоғарылағаны анықталды. Бұл, әрине, ондағы зиянды заттарды ұстап қалатын жабдықтардың дұрыс жұмыс істемейтінін көрсетеді.