Баянауылда туризм түлей бастады

Биыл жазда Баянауылда екі жүз мыңға жуық адам демалды. «Бұл былтырғыдан көп», - дейді мамандар. Әрі ауа райы да қолайлы болды. 

Демалыс аймағындағы өткізу бекеттеріне цифрлық жүйе енгізілді. Нәтижесінде жан-жақтан келген демалушылар саны есепке алынды. Туристер көбіне табиғаты көркем Жасыбай көлінің айналасында демалады. Онда қонақ қабылдайтын 50-ден астам үй бар. Биыл көл жағасы абаттандырылып, инфрақұрылымы жаңғыртылды. Сабындыкөлде коммуналдық жағажай салынды. Туристерге арналған сапар орталығының құрылысы аяқталды. 

Алмаз Жұмашев, «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры:

- Осы маусым айының 24-інен бастап автоматты түрде жүйе ашылған. Яғни бақылау-өткізу пункттерінде Kaspi, Halyk QR арқылы ғана төлем қабылданады. Қолма-қол ақша мүлдем қабылданбайды. Сол жерден де біз түсімнің көбеюіне және туристердің келуіне байланысты белгілі бір өзгерістерді байқап отырмыз.

Сондай-ақ оқыңыз: