Қазақстан теңіз порттарының қуатын 30 млн тоннаға дейін арттырады

Қазақстан теңіз порттарының қуатын 30 млн тоннаға дейін арттырады. Оған теңіз инфрақұрылымын дамыту жобалары көмектеседі.

Кейінгі бес жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал 5,6 есеге – 800 мыңнан 4,5 млн тоннаға дейін ұлғайды. 2029 жылға дейін құрғақ жүктер мен контейнерлік кемелерді қоса алғанда тағы 8 жаңа кеме сатып алынады. Үкімет Президент тапсырмаларын орындау аясында көлік саласын дамытудың кешенді бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Ол автомобиль, теміржол, авиация және теңіз көлігін қамтиды. Бүгінде көлік саласы жалпы ішкі өнімінің шамамен 6,1%-ын қалыптастырып отыр. Айта кеткен жөн, кейінгі бес жылда саланың жалпы өнімі 14 трлн теңгеден асты.

Сондай-ақ оқыңыз: