3,7 млрд теңге: Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі айда 201 сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтады

Фото: ЖИ арқылы жасалған

Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шілде және тамыз айларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 201 құқық бұзушылық фактісін анықтады, деп хабарлайды 24KZ.

Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі парақорлық, жымқыру, алаяқтық, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және асыра пайдалану фактілеріне қатысты.

Тергеу барысында 140 адам күдікке ілінді. Екі ай ішінде 126 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталған. Оның 110-ы сотқа жолданды.

Аяқталған істер бойынша келтірілген залал көлемі 3,7 миллиард теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыз: