Жалған жиһаз жасаушылардың әрекеті әшкере болды
Астанада тапсырыспен жалған жиһаз дайындайтын алаяқтардың ісі әшкере болды. Қала тұрғыны әлеуметтік желідегі жарнаманы көріп, өзіне қажетті үй заттарын жасатамын деп 4,5 млн теңге көлеміндегі ақшасын алаяқтарға ұстата салған. Бұл ғана емес, жалған шеберлер бас-аяғы 19 адамды алдап соғып, 24,6 млн теңгесін қолды қылған.
Жәбірленуші тараптар оларды сотқа беріп, нәтижесінде құйтырқы әрекет жасаған қос азамат 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал келтірілген залал сотталушылардан өндіріледі.