Жүк көлігі Астана-Алматы тасжолындағы жол өткелін бұзды
Астана — Қарағанды — Алматы автожолында экскаватор тиелген трал тіркемесі бар жүк көлігі жол өткеліне соғылды, деп хабарлайды «24KZ».
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 7 қыркүйек сағат 14:20 шамасында аталған автожолдың 165-шақырымында, Ақтау жол өткелі маңында болған.
Апат салдарынан жол өткелінің конструкциясы механикалық зақымданған.
Қазіргі уақытта мамандар нысанның техникалық жай-күйіне тексеру жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз