Биыл шілде-тамыз айларында 201 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді
Екі ай ішінде мемлекет қазынасына 3,7 млрд теңге залал келтірілген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық, заңсыздық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану сынды қылмыстарға тиесілі.
Қазір бұл істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды. 126 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 110-ы сотқа жіберілді.