Шымкентте егін жинау науқаны аяқталды
Шымкенттің айналасындағы шаруашылықтар егінін орып, бау-бақша өнімдерін жинап алды. Биыл егістік үшін ауа райы қолайлы болды.
Диқандар арпа мен бидайдың әр гектарынан орта есеппен 15 центнерден өнім алды. Ал майлы дақылдар 11 центнерден бастырылды. Биыл 19 мың гектардан астам жерге дәнді-дақыл егіліп, 60 мың тоннаға жуық өнім жиналды. Көктемдегі дала жұмыстары мен жиын-терім науқанында жеңілдетілген бағамен 312 тонна дизель отыны бөлінді.
Сағдат Маханов, қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
- 2026-2027 жылға мал қыстату науқанына 315 мың тонна мал азықтық дақылдарын жинайды. Оның ішінде құрама жем, силос, шөп, комбикорм деген сияқты. Ағымдағы жылы 80% астам мал азығы жиналып қойды. Жыл соңына дейін тағы да қосымша жиналады.