Шу вокзалы жөнделіп жатыр

Шекара ғана емес, елдің бет-бейнесі вокзалдар да жарқырап тұруға тиіс. Күндіз-түні адам аяғы үзілмейтін, жолаушы да, пойыздар да сапырылысқан Шу станциясы қайта жаңыртылып жатыр. Бұл кешен 40 жылға жуық жөндеу көрмеген еді. 

Бұдан бөлек, өңірде Тараз, Түрксіб, Отар және Боранды станциялары жаңғырады. Ал 6 млрд теңге қаржы жұмсалған Шу вокзалы қалай жаңғырады? Несімен ерекше?

Шу станциясы 1989 жылы пайдалануға берілген. Мұндағы 18 жолақты торапқа тәулігіне 35 жолаушы және 100 жүк пойызы аялдайды. Маңызды магистраль арқылы пойыздар Мәскеу, Ташкент пен Бішкекке барады. Сондықтан вокзал халықаралық стандартарға сай салынып жатыр. 40 жылға жуық тарихы бар нысанда қазір құрылыс жұмысы қарқынды.

Ринат Ибрагимов, құрылыс алаңының басшысы:

- Жылжымалы текпешек бар жаңа жобаға арналған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған лифті бар. Сосын балалар ойнайтын алаңы бар жеке. Және каворкинг зонасы бар. Келген адамдар отырып, компьютермен жұмыстарын жасауға ыңғайлы. Полиция бөлімшесі бар. Медициналық кабинеттері бар.  Негізі жоба бойынша 1500-2000 адамға дейін қабылдау жоспарда бар.

7 мың шаршы метрден асатын аумақты жаңғыртуға 150 адам жұмылған. Вокзалмен қоса, айналасы да абаттандырылып жатыр. Оған жергілікті бюджеттен 525 миллион теңге бөлінді.

Бақытжан Сағатбек,  Шу ауданы әкімдігі ТҮКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Субұрқақтарға келіп-кетушілерге отыратын орындықтар жаңартылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы күнге дейін жабайы саудамен елдер сауда жасаған болса, абаттандыру жұмысынан кейін мынау вокзал алдынан 4 жаңа дүңгіршек орын алады. Одан бөлек, 13 навес астына деп айтамыз, сол жаққа жаңа дүңгіршектер өтеді. Жалпы саны 45-ке жуық саудагерлер бар. Соның барлығын қамтимыз деп отырмыз.

Жалпы Жамбыл облысында Тараз, Түрксіб, Шу, Отар және Боранды станциялары қайта жағыртудан өтіп жатыр. Жөндеу жұмыстарына республикалық қазынадан 14 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген.

Авторлары: Мерей Бает, Елдар Байділді

Сондай-ақ оқыңыз: