Ауыл шаруашылығының өзге дақылдарынан 6,3 млн тоннадан астам өнім жиналды

gov.kz

Қазақстан диқандары өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарынан 6,3 миллион тоннадан артық өнім алды, деп хабарлайды«24KZ». 

Бүгінгі таңда еліміздің қамбасына 2,4 миллион тонна көкөніс, 1,8 миллион тонна бақша дақылдары, 1,2 миллион тонна картоп және 906,5 мың тонна майлы дақылдар тұқымы қабылданды. Егін жинау науқанын уақтылы аяқтау мақсатында өңірлік штабтар дала жұмыстарын үйлестіріп жатыр.

Аталған жұмыстарды сапалы жүргізу үшін өңірлерге 401,1 мың тонна дизель отыны бөлінді. Сондай-ақ диқандарды минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету шаралары атқарылуда.

Жылдық қажеттілік 2,3 миллион тоннаны құраса, қазірдің өзінде келісімшарттар түзіліп, 2 миллион тонна немесе жоспарланған көлемнің 85%-ы жөнелтілді. Бұл егін жинау науқанын іркіліссіз аяқтауға және шаруаларды келесі өндірістік циклге ерте дайындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда егін жинауды уақтылы аяқтау, өнімді сақтау, астықты сапалы қабылдау және азық-түлік қорын қалыптастыру басты міндет болып отыр. Жиналатын жаңа өнім ішкі нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, отандық агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік береді.



 

Сондай-ақ оқыңыз: