Қостанай облысында дала өрті өршіп тұр

Қостанай облысының Денисов ауданында дала өрті өршіп тұр. Кешелі бері өртке байланысты 11 шақырту түскен. Антоновка және Георгиевка ауылдарында бірнеше үй, қора-жайлар мен бір автокөлік жанып кетті.

Мал шығыны да бар. Өртті сөндіруге Қостанай, Жітіқара, Рудный, Лисаковск қаласынан және Тобыл станциясынан төтенше жағдайлар қызметінің күштері жұмылдырылды. Өрт қайта тұтанбас үшін, алдын алу шаралары күшейтілді. Өрт сөндірушілерге жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер көмектесті. Ауылдықтар қолда бар техникасын беріп, төтеншеліктерді ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Мамандардың айтуынша, өрттің тез таралуына аптап ыстық пен құрғақ жел себеп болған.

Ідіріс Тәкенов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Өртті сөндіруге Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, «Ауыл құтқарушылары» бөлімшелері, сондай-ақ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиаспас» күштері жұмылдырылды. Өрттің жалпы аумағы – 850 гектар. Өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: