Қостанай облысында эпидемиологиялық маусымға дайындық жұмыстары басталды

Өңірдің медициналық ұйымдары үшін жергілікті бюджет есебінен тұмауға қарсы 80 мың доза вакцина сатып алынды. Бұл облыс тұрғындарының он пайыздан астамын иммундауға мүмкіндік береді.

Тұрғындарды тұмауға қарсы вакциналау 15 қыргүйектен басталады. Тегін екпе алдымен халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін қызметтегілерге салынады. Сосын оқушылардың денсаулығына баса назар аударылады.

Гүлім Досымова, облыстық СЭБД басшысының орынбасары:

- Бізде эпидемия алдындағы маусым 1 қазаннан, ал эпидемиологиялық маусым 1 желтоқсаннан басталады. 15 қыркүйектен Қостанай облысы мен бүкіл Қазақстан бойынша тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізіледі. 80 мың доза вакцина сатып алынды. Бұдан бөлек, жұмыс берушілер өз қызметкерлерін егу үшін 1300 доза сатып алғаны белгілі болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: