Талдықорғанда есірткі өндірген ер адам 10 жылға сотталды
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін 10 жылға соттады, деп хабарлайды «24KZ».
Ол аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз дайындаған.
Сотталған азамат 2025 жылы «Telegram» мессенджері арқылы байланыста болған адамдардың ұсынысымен Талдықорған қаласына келіп, жеке үйді жалға алған және онда мефедрон дайындайтын жасырын зертхана ұйымдастырған.
Тінту барысында 4,5 килограмнан астам мефедрон анықталып, тәркіленді.
Мемлекеттік айыптаушы ұсынған дәлелдемелерді, сондай-ақ аса ауыр қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот прокуратураның ұстанымын қолдап, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз