Шымкентте мүгедектігі бар 700 баланың құқығы қорғалды
Шымкентте мүгедектігі бар 700 баланың құқығы бұзылғаны анықталды. Прокурорлық талдау барысында олардың ата-анасына әлеуметтік қолдау шаралары туралы мүлдем ақпарат берілмегені белгілі болды.
Салдарынан ерекше жандарды үйде оқыту шығындары өтелмей келген. Кемшілікті жою туралы салалық басқарма өкілдеріне тиісті нұсқау берілді. Биыл мыңнан астам адамға ай сайын қажетті оқу құралдарын алып, білімін шыңдау үшін 12 мың 975 теңгеден мемлекеттік төлем тағайындалды. Өңірде 43 мыңнан астам мүгедектігі бар тұрғын бар.
Айдос Қасенов, Қаратау ауданы прокурорының орынбасары:
- Нәтижесінде балалардың 700 заңды өкілі тиесілі әлеуметтік төлемдер мен оларды алу тәртібі туралы хабардар болмаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңбұзушылықтар жойылып, мүгедектігі бар балалардың құқығын қорғау бойынша шаралар қабылданды. Прокуратура әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыра береді.