Астанада «Қазақы тазы» монотұқымдық көрмесі өтті
Бүгін Астанада өткен шара қазақы тазының үздік өкілдерін таныстырып, тұқымды сақтау мен дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыруға мүмкіндік берді.
Көрме барысында тазылар сараптамалық бағалаудан өтіп, үздіктері анықталды.
Қазақы тазы – ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан бірегей мәдени мұра, жеті қазынаның бірі. Қазіргі таңда тұқымды сақтау, өсіру және халықаралық деңгейде таныту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026–2036 жылдарға арналған арнайы кешенді жоспар да бекітілген.