Қарағанды облысында егінге  бөлінген ₸300 млн талан-таражға түскен

«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бөлінген 300 млн теңге несие талан-таражға түскен.

Қазір осынша қаражатты жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мән-жайды анықтауға кірісті. Ведомствоның мәліметінше, өткен жылдың мамыр айында кәсіпорындардың бірі Агрокредиттік корпорациядан қарыз алған. Ал оған "Даму" қоры кепіл болған. Кейін бұл қаражат егіс науқанына жұмсалатын шығындарды төлеу деген желеумен екі серіктестікке бөлінген. Шамамен 148 миллион теңге тұқым сатып алуға, тағы 152 миллион теңге ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға аударылған. Әрі жанар-жағармай материалдары мен қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған. Алайда іс жүзінде көрсетілген қызметтердің бірі де орындалмағаны анықталды. 

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- «Рашан» ЖШС директоры күдікті деп танылды. Соттың санкциясымен оның мүлкіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыз: