Ұландықтар жауынгерлік шеберлігін шыңдауда

@qr_iim_uu

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының артиллериялық-зениттік бөлімшелері далалық жаттығу өткізуде. Жүзден астам әскери қызметші миномет және зениттік батареялардың құрамында атыс дайындығын жетілдіріп, күрделі таулы жағдайда өзара үйлесімді әрекет етуді пысықтауда, деп хабарлайды «24KZ».

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының артиллериялық-зениттік бөлімшелері далалық жаттығуды  Шымкент қаласы маңындағы Қаратау оқу-жаттығу  орталығында өткізіп жатыр. 

6506 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында миномет және зениттік батареялардың құрамындағы жүзден астам әскери қызметші дайындығын жетілдіріп, атыс тапсырмаларын орындау кезінде өзара іс-қимыл мен дәлдікті пысықтауда. Далалық шығудың негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін арттырып, бөлімшелердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға әзірлігін қамтамасыз ету.

Қаратаудың күрделі шатқалы мен ойлы-қырлы жоталары жауынгерлердің түрлі жағдайда әрекет ету машығын шыңдауға мүмкіндік береді. Сарбаздар жер бедерін жылдам бағалап, жағдайға тез бейімделіп, өзара үйлесімді әрекет етуді үйреніп жатыр. Мұның бәрі қойылған жауынгерлік тапсырманы дәл орындауға бағытталған.

Айта кетейік, бұл өңірдің құқықтық тәртіп әскерінің тарихында өзіндік орны бар. Себебі дәл осы Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінің базасында Ұлттық ұланның алғашқы артиллериялық-зениттік бөлімшесі құрылған. Кейін мұндай бөлімшелер Петропавл мен Ақтөбеде де ашылды.

Сондай-ақ оқыңыз: