Қаза тапқан теңізшілердің отбасына атаулы қолдау көрсетуге жауапты мамандар бекітіледі

Мемлекет Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету жөніндегі барлық міндеттемені өз мойнына алады.

Заңда көзделген кепілді төлемдер кідіріссіз беріледі. Әр отбасыға тұрақты түрде атаулы қолдау көрсету үшін жауапты мамандар бекітіледі. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Қор қаражатын отбасыларға және зардап шеккендерге ашық, атаулы әрі әділ бөлу мақсатында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповтің жетекшілігімен арнайы комиссия құрылды. Қазір кәсіпкерлер мен жанашыр азаматтардың арқасында арнайы қорға қаражат жиналды. Осыған байланысты жылу жинау аяқталды. Қор қаражатын отбасыларға және зардап шеккендерге ашық әрі әділ бөлінеді. Мұнымен арнайы құрылған комиссия айналысады. Құқық қорғау және мемлекеттік органдар қаражаттың мақсатты жұмсалуына қатаң бақылауда ұстайды.

Сондай-ақ оқыңыз: