Екі адам көз жұмды: Щучинскіде жеке тұрғын үй өртенді
Ақмола облысының Щучинск қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға Бурабай ауданының аумағында болған. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шамамен 90 шаршы метр аумақты шарпыған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті сөндіріп, үйдің ішінен 1968 жылы туған ер адам мен әйелдің денесін алып шыққан.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің нақты себебі әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар өрттің шығу себептері мен барлық мән-жайын анықтайды.
Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД-ның 16 қызметкері мен 4 арнайы техникасы жұмылдырылған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз