Жетісуда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған төрт адам сотталды

фото: ЖИ

Жетісу облысында TikTok арқылы заңсыз карта ойындарын ұйымдастырған төрт адамның қызметі тоқтатылды. Олар 95 млн теңге көлемінде заңсыз табыс тапқан, деп хабарлайды 24KZ.

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу барысында облыстың төрт тұрғыны әлеуметтік желідегі тікелей эфирлер арқылы құмар ойындарын ұйымдастырғаны анықталды. Олардың біреуі құқық бұзушылық жасаған кезде кәмелетке толмаған болған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді.

Сот үкімімен төрт адам кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жетісу облысының прокуратурасы құмар ойындарды ұйымдастыруға байланысты заңсыз қызметті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз: