Елдегі бес облыста жылу берілді
Бес өңірде жылу берілді. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында жылыту маусымы басталды. Аптаның аяғына дейін тағы бірнеше өңірде жылу беріледі, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл жайлы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді. Айтуынша, биылғы маусымға 4,9 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазут қоры дайындалды. Бұдан бөлек, 17 мың шақырым электр беру желісі толық жөндеуден өтті, төрт қосалқы стансадағы жұмыстар аяқталуға жақын. Жылу желілерінің жалпы дайындығы 99%-ды құрайды.