Елде алдағы егіс науқанына дайындық басталды
Бүгіннен бастап шаруаларды қаржыландыру тетігі іске қосылып, өтінім қабылданады. Бұл Мемлекет басшысының екі жыл бұрынғы тапсырмасына сай жүзеге асып отыр, деп хабарлайды 24KZ.
2024 жылы Президент егіс науқанын қолдауды ерте бастауға тапсырма берген еді. Келесі жылғы науқанға «Кең дала-2» бағдарламасы аясында жылдық үстемесі 5 пайызбен 200 млрд теңге қарастырылған. Аталған тәсіл шаруашылықтарға тұқымды, тыңайтқыш пен отынды алдын ала сатып алуға, техниканы уақытында дайындауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, кейінгі екі жылда қаржыландыру сомасы екі есеге жуық өсіп отыр. Сондай-ақ кепілдік базасы жеткіліксіз шаруаларға кепілдік беру тетігі іске қосылған. Бұл орайда кепілдік шаруалар қарызының 85 пайызына дейін жабады. Биыл жалпы сомасы 274 млрд теңге болатын 1 735 кепілдік берілді.
Әли Әкімжанов, ҚР АШМ АӨК-дегі қаржылық қолдау департаменті директорының міндетін атқарушы:
— Жеңілдетілген кредит берудің көлемі де едәуір ұлғаюда. Мәселен, 2024 жылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 421 млрд теңге қаражат бағытталған болса, былтыр аталған қаражат 649,3 млрд теңгені құрады. Ал биыл бұл 750 млрд теңге қарастырылған. 2026 жылы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 664,4 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде аталған қаражат 8 млн гектардан астам алқапты қамтыды.