Елдегі егіннің 83 пайызы орылды

Жалпы биыл 24 млн гектардан аса алқапқа егін егілді. Бұл былтырғы жылдан 597 мың гектарға артық, деп хабарлайды 24KZ.

Диқандарға жеңілдетілген бағамен 400 мың тоннадан астам дизель жеткізілді. Бір литр құны 281 теңгеге бағаланды. Сондай-ақ науқанға 2 млн 300 мың тонна тұқым қоры жасақталды.

Қазіргі уақытта егіннің 83 пайызы жиналды. 13,5 млн гектар алқаптағы астық орылып, орташа түсім гектарына 14,7 центнерден айналып отыр. Соған сай 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды.

Сондай-ақ оқыңыз: