Журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті

Қазақстандық журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Индира Жылқайдарова журналистика саласында ұзақ жыл еңбек етіп, «Хабар» агенттігі мен «7 арнада» қызмет атқарған.

Ол парламент журналистикасына да айрықша үлес қосып, депутаттардың жұмысы мен заң шығару үдерісін тұрақты түрде ақпарат құралдарында жариялады.

Журналист кәсіби байқауларда бірнеше рет жүлдеге ие болған. 2020 жылы «Парламент сөзі» байқауында үздік телевизиялық сюжет номинациясын жеңіп алды. Ал 2021 жылы «Аманат» байқауында мемлекеттік тілдегі үздік телевизиялық материал үшін лауреат атанды.

2022 жылы Индира Жылқайдарова AMANAT медиасыйлығының «Рухани-мәдени даму туралы үздік материал» номинациясында жеңімпаз болды. Қазылар алқасы оның ақын Мұқағали Мақатаевтың 91 жылдығына арналған телевизиялық материалын жоғары бағалаған.

Ол еңбек жолында қоғам үшін маңызды әлеуметтік және мәдени тақырыптарды көтеріп, көптеген журналистік материал әзірледі.

24KZ редакциясы Индира Жылқайдарованың туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтады.

Сондай-ақ оқыңыз: